Алматы маңында жауынгерлік атыстан сынақ өтіп жатыр

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімі
ЗУК 23-2 зенит қондырғысы - Қазақстанда модернизациядан өткізіліп, Портативті зениттік зымыран кешенінен атуға арналып қайта жабдықталды.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері әскерлерінде ЗУК 23-2 зениттік қондырғысын ату бойынша жауынгерлік дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

ЗУК 23-2 зениттік қондырғысын пайдалана отырып, практикалық атыс жаттығуы оқу жылының соңғы кезеңі әрі емтихан секілді болып табылады.

Жауынгерлік атыс Қарулы күштерге былтыр енгізілген ЗУ 23-2 және ЗУК 23-2 зениттік қондырғысының екі түрін сынау арқылы жүзеге асырылады. ЗУК 23-2 зенит қондырғысы - Қазақстанда модернизациядан өткізіліп, Портативті зениттік зымыран кешенінен атуға арналып қайта жабдықталды.

ЗУК 23-2 зенит қондырғысы - Қазақстанда модернизациядан өткізіліп, Портативті зениттік зымыран кешенінен атуға арналып қайта жабдықталды.

"Атыс алаңында келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілермен бірге бір ай бұрын ант қабылдап, әскери борышын өтеп жатқан сарбаздар да бар. Бір ай ішінде әскерге жаңадан шақырылған сарбаздар сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы ойдағыдай меңгеріп, оқ атуға рұқсат беру үшін практикалық және теориялық емтихандардан өтті және бүгін олар командалық тапсырмаларды ойдағыдай орындауда", - деді Әуе шабуылына қарсы қорғанысы әскери бөлімінің сержанты Суханов Ринат.


Атыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударылды.

Атыс аяқталғаннан кейін нәтижелер шығарылып, бөлім командирі үздік болған әскери қызметкерлердің аты-жөнін атап, марапаттайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды