Қазақстан жоғары байытылған уранды азайту туралы мәлімдемеге қол қойды

mcfenvironmental.com
Қазір Қазақстандағы зерттеу реакторларын конверсиялау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

АЭХА Бас конференциясының 64-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Америка Құрама Штаттары Энергетика департаментінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі жоғары байытылған уранды азайту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ядролық қатерді азайту жөніндегі жаһандық бастама шеңберінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында зерттеу реакторларын конверсиялау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты жоғары байытылған уранды (ЖБУ) жою арқылы ядролық материалдарды таратпау және зерттеу реакторларын төмен байытылған уран (ТБУ) отынына көшіру болып табылады. Осы жобалар АҚШ ұйымдарымен бірлесіп іске асырылуда, олар күрделі міндетті орындау үшін Қазақстан ұйымдарының ғылыми-техникалық әлеуеті мен құзыреттерінің жоғары деңгейін атап өтті.

Жобаны іске асырудың маңыздылығын ескере отырып, АЭХА Бас конференциясының 64-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Америка Құрама Штаттары Энергетика департаментінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі жоғары байытылған уранды азайту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Тараптар ЖБУ-ды барынша азайту, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі ортақ мақсаттарды қолдау үшін бірлескен әрекеттерді жалғастыру ниеттерін растайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды