Тауар сапасын бақылау жөніндегі комитет қайта құрылды

ДСМ баспасөз қызметі
Комитеттің аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелері қайта құрылымдалып, атауы өзгертіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жеке комитеті құрылды, деп хабарлайды zakon.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелері қайта құрылымдалып, атауы өзгертіледі.

Қайта құрылған комитетке Ұлттық сараптама орталығы, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" бағынышты болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды