Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды

Blockchain News
Қор отандық кәсіпорындарды 3% - дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Өнеркәсіпті дамыту қоры"АҚ құрылды. Қор Индустриялық даму және Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламаларының қаржы операторы – "ҚДБ-Лизинг" АҚ базасында құрылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, еліміздің алдында тұрған маңызды міндет өнеркәсіптік әлеуетті барынша дамыту болып табылады.

Үкімет алдына ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттер қойылды. Сонымен қатар мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібінің өндірісін бес жыл ішінде кем дегенде 1,5 есе арттыру жөнінде нақты міндет қойды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚДБ-Лизингімен бірлесіп өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын жаңғырту және отандық өндіріс тауарларына сұранысты ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруда.

Қорды құру өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қор отандық кәсіпорындарды 3% - дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Қор қызметінің негізгі басымдығы ағымдағы жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды