"Астана EXPO-2017" ЖЭС жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатымен жұмыс істейді

primeminister.kz
Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Ақмола облысы Аршалы ауданының Қостомар ауылына барған жұмыс сапары кезінде айтылды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ақмола облысы Аршалы ауданының Қостомар ауылында "Астана EXPO-2017" жел электр станциясының 1-ші іске қосу кешенінің жұмысымен және 2-ші іске қосу кешенінің құрылысының аяқталуымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-ші іске қосу кешенін пайдалануға беру және ЖЭС-тің 100 МВт толық жобалық қуатына шығуы 2020 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр (қуаты 50 МВт болатын алғашқы іске қосу кешені 2019 жылы тамыз айында пайдалануға берілді).

"Астана EXPO-2017" ЖЭС 10 мыңнан аса отбасының жылдық энергия тұтынуын қамтамасыз етіп, парник газдарының шығарындыларын жылына 230 мың тоннаға азайтуға және жылына 79 мың тоннадан астам отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 300-ден аса адам тартылған, 20 жергілікті маман ЖЭС пайдалану үшін оқу курсынан өтіп жатыр.

Жұмыс сапарына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр, энергетика министрі Н. Ноғаев, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, "Қазақстан Даму банкі" АҚ басқарма төрағасы А. Сарқұлов және басқалары қатысты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды