Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды

gov.kz
Бұған дейін ол Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған.

Шығыс Қазақстан облысында Риддер қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бұйрығымен Дмитрий Горьковой Риддер қаласының әкімі болып тағайындалды, бұған дейін ол Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған.

Қаланың жаңа басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін Қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясында бастаған. 2015 жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін ол Шемонаиха облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды