Елімізде 3,4 млн адам медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген

elorda.info
Үкімет медициналық сақтандыру жүйесіне 70 мыңнан астам адамды "қайтару" шараларын қабылдады.

Қазақстандықтардың 18 проценті әлі күнге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. 1 миллионнан астам адам мүлдем сақтандыру жарналарын жасаған емес, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар-24-ке" сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

Ол төтенше жағдай кезінде қазақстандықтардың бір бөлігі аударымдар жасау мүмкіндігінен айырылғанын атап өтті. Сондықтан Үкімет медициналық сақтандыру жүйесіне 70 мыңнан астам адамды "қайтару" шараларын қабылдады.

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жылына кемінде 25 мың теңге төлейтін пациенттер медициналық көмекті тегін ала алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды