Мемлекет басшысы Алматының Индустриялық аймағымен танысты

Ақорда
Мемлекет басшысы "КСМ Техновид" ЖШС-ны аралап көрді.

Мемлекет басшысы Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін, сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді. Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы 3,8 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға жетеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Алматы индустриялық аймағының жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылды. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды