Қытай халқы COVID-19-ға қарсы жаппай екпе алып жатыр

EPA/UPG
Қытайда вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі дәлеленбесе де ол 10 мыңдаған адамға салынған.

Қытайда он мыңдаған адам эксперименталды түрде коронавирусқа қарсы вакцина егілді, деп хабарлайды zakon.kz New York Post басылымына сілтеме жасап.

Алайда вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі дәлелденбеген. Қытайлықтар бұл вакцинаны шілде айында ала бастады.

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мүшесі Чжэн Чжунвэй ҚХР оны қолданар алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рұқсатын алғанын айтты. Кейбір жоғары тәуекелді кәсіптердегі адамдар, мысалы, алдыңғы қатардағы медициналық қызметкерлер вакцинаны 22 шілдеден бастап ала алады, - деді ол.

Чжэн Чжунвэй клиникалық сынақтар кезінде вакцинаның қиын жанама әсерлері болған жоқ деп сендіреді.

Өз кезегінде, ДДҰ бұл арада жауапкершіліктен жалтарып, былай деп мәлімдеме жасады: "Қытай "өз елінде вакцинаны эстремальды түрде пайдалануға іштей рұқсат берілгенін хабарлады және ол сол елдің қалауы бойынша қабылданады, яғни біздің ұйымның мақұлдауына бұл жатпайды".

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды