Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын екенін айтты

иллюстрация үшін алынды
Істі болып жатқан бұрынғы орынбасарының кінәсі дәлелденсе, әрине. Бірақ қамауға алынған Таубаев өзіне "жала жабылды" деп, тағылған айыппен әлі келіспеген.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов егер орынбасарының қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Облыс әкімі бүгін біздің арнамызға осылай деді. Аймақ басшысының бұлай деуіне, "Аса ірі көлемде пара алды", деген күдікпен ұсталған бұрыңғы орынбасары себепші. Еске сала кетейін, жемқорлықпен айыпталған Нұрлан Таубаев облыс әкімінің бірінші орынбасары болып осы мамыр айында ғана тағайындалған", - дейді телеарна тілшісі.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Заң ғой. Ол бәрімізге ортақ. Егер ондай тергеу жұмыстары, сот шешімі болса, онда заң бойынша мен отставкаға беруге дайынмын. Ар жағы президент шешімі, қабылдайды, қабылдамайды. Сол кісі біледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды