Жексенбіде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады

tvernews.ru
2020 жылғы 03-05 қазанға арналған ауа райы болжамы.

Жексенбі күні – солтүстік-батыс, солтүстік, ал келесі аптаның басталуымен – Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон жырасының ықпалында болады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан және арты қарға ұласатын жаңбыр әкеледі.

Еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады. Антициклон негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.

Республика бойынша ауа температурасының біртіндеп төмендеуі, кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта және шығыста - көктайғақ, төмен бұрқасын күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды