Сенаторлар Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауына бақылаушы ретінде қатысады

Баспасөз қызметі
Мысалы, Мұрат Бақтиярұлы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы миссиясының байқаушыларының құрамына енді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірқатар депутаттары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының 2020 жылдың 4 қазанына белгіленген сайлауын байқауға қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұрат Бақтиярұлы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы миссиясының байқаушыларының құрамына енді. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының атынан сайлауды байқауға сенатор Бақытжан Жұмағұлов қатысады. Динар Нөкетаева сайлау үдерісін байқау үшін ТүркПА миссиясының құрамында жұмыс істейтін болады.

Сенаторлар сайлауды байқауға сол сайлау күні қатысады, сондай-ақ Қырғызстанның Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасымен, партиялардың сайлауалды штабының өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды