Жамбыл облысында карантиндік шаралар тағы да ішінара жойылды

amavi.kz
Сонымен бірге 65-тен асқан адамдар үшін емін-еркін жүруіне салынған шектеу алынып тасталды.

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2020 жылғы 5 қазанда бұйрық шығарып, 2020 жылдың 14 тамызындағы "Жамбыл облысында шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, қазір қонақ үй, отельдер, демалыс үйлері, туристік орталықтар және басқа да туристік нысандар мен тұрғылықты орын жалдау қызметтерін көрсету саласындағы ұйымдардың жұмысына рұқсат етілді.

Сот орындаушыларына да жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Сонымен қатар, спорттық-сауықтыру орталықтары да енді өз жұмысын бастай алады.

Барлардың, ойын клубтарының, сауда желілерінің жұмысына салынған тыйым жойылды.

Қала маңындағы жолаушылар пойыздарының / электр пойыздарының қозғалысына рұқсат етілді.

Сонымен бірге 65-тен асқан адамдар үшін емін-еркін жүруіне салынған шектеу алынып тасталды.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды