Жайық өзенін кешіп өткен Орынбор тұрғыны құзырлы органдардан көмек сұрады

Ақ Жайық
Мамандар өзен экологиялық апат шегінде тұрғанын атап өтті.

Ресей Федерациясының көршілес Орынбор облысының тұрғыны өзенді кешіп өткен видеосын әлеуметтік желіге жүктеді. Ол Қазақстан мен Ресей үшін ортақ өзен - Оралдың жағдайына осылай назар аудартпақ болған. Видеода ол кешіп өткен өзен суы адамның тізесінен-ақ келеді. Ол: "Біз осылайша Оралды құрттық", - дейді видеода, деп хабарлайды zakon.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Жас жігіт жергілікті және федералды органдардың көмегіне жүгініп, Орал өзенін қалпына келтірудің нақты шараларын қабылдауды сұрайды.

Біздегі өзеннің жағдайы тап сондай мүшкіл болмағанмен, жағдайдың қиын екені рас. Орал мен Атырау облыстарында су деңгейінің төмендеуі әлдеқашан тіркелген. Мамандар өзен экологиялық апат шегінде тұрғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды