Ел экономикасы қайта жандана бастады – Руслан Дәленов

liter.kz
Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды.

Үкімет 13 қазанда елдің 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қыркүйекте қызмет көрсету саласында белсенділік артқан. Нақты сектордағы өсу сақталуда. Қыркүйекте экономиканың жандануы байқалып, оң өсудегі салалардың саны артып отыр.

"Жедел деректер бойынша, ЖІӨ өсу қарқыны 8 айда минус 3%-тен қаңтар-қыркүйекте минус 2,8% - ке дейін жақсарды. Жылдық инфляция 7,0% деңгейінде сақталды", - деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

Дәленовтың айтуынша, егер қыркүйекті бөлек қарастыратын болсақ, көптеген қызмет көрсету саласы қалыпқа келудегі өсуді көрсете бастаған.

Өсу факторлары экспорт, өндіріс, өндірмейтін салаларға инвестициялар болып отыр.

"Көптеген салалар қыркүйек айында оң өсу көрсетті. Бұл ауыл шаруашылығы (166,5% -ке), құрылыс (95,4% - ке), білім беру (38,2% - ке), техникалық (36,3% - ке) және қаржылық қызмет (21,7% -ке), сауда (2,7% - ке), көлік (1,2% - ке) және басқалар. Осылайша, қыркүйектегі көрсеткіштер іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетті. Қызмет көрсету саласы қалпына келтірілуде", - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Көптеген өңірлерде өнеркәсіптің өсуі байқалады. Ең көп өсуді Қостанай (6,9%-ке), Ақмола (6,8% - ке), Солтүстік Қазақстан (5,3% - ке) облыстары көрсетті.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі өндірісі 3,3% - ке өсті. Фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, соның ішінде автомобиль жасау және жеңіл өнеркәсіп жоғары өсу қарқынын көрсетті.

Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңірде инвестицияның өсуі байқалады. Оның ішінде ең үздік көрсеткішке Түркістан облысында (66,7% - ке) және Шымкент қаласында (36,2% -ке) қол жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды