ШОБ қандай жағдайда мемлекеттік мүліктің жалға алу құнын төлеуден босатылады

inbussines.kz
Бұйрық 2020 жылдың 20 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы бұйрығымен мемлекеттік мүлікті жалға беру ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, ережелер шағын және орта бизнес үшін 2020 жылғы 20 маусым мен 31 желтоқсан аралығында жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдау (жалдау) үшін жалдау ақысы алынбайтындығы туралы тармақпен толықтырылды.

"Жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдау (жалдау) үшін жалдау ақысынан босату негізгі келісімшартқа қосымша келісім жасасу арқылы жүзеге асырылады" делінген құжатта. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 20 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды