Сенатор: Баспана беру ережесін жеңілдету керек

inbusiness.kz
Шыны керек, бізде күрмеуі шешілмеген әлеуметтік мәселе көп. Соның бірі – баспана мәселесі.

Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың осал санаттағы азаматтар үшін қолжетімсіз екенін мәселе етіп көтерді, деп хабарлайды zakon.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Мысалы, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ. Тиісінше зейнетақы қорына жарна аударылмайды. Еңбек табысын растаудың болмауына байланысты аталған санаттағы азаматтарға жеңілдетілген ипотекалық кредит бұйырмайды. Ал "Баспана Хит" бағдарламасы, тіпті, айлық табысы 170-180 мың теңгеден төмен азаматтарға да қолжетімсіз.

Депутат "7-20-25" бағдарламасының да кем тұстарына тоқталды. Аталған бағдарлама бастапқы тұрғын үй нарығына ғана бағытталған. Ал қолданысқа берілгенде жаңа тұрғын үйден пәтер табу қиын. Себебі алыпсатарлар ғимарат құрылысы жүріп жатқанда арзанға алып, кейін қымбатқа сатады. Осыған байланысты сенатор мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың аясын кеңейтуді ұсынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды