Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды

ales.kz
Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғамдық пікірді ескере отырып, жылу электр станциясын жаңғыртудың қарастырылған төрт нұсқасынан қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру мақұлданды.

ЖЭО газдандырудың таңдалған нұсқасы қолда бар жеткізу және бұру инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте қоршаған ортаға әсері барынша азайтылады – күкірт тотығының, күлдің шығарындылары болмайды, азот тотығының және көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі төмен.

Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды