Парламенттік сайлау барлық партияларға мүмкіндік береді – Нығматулин

Ж.Құспанов
Парламент сайлауы ол біздің еліміз үшін де, біздің халқымыз үшін де өте маңызды саяси қадам.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыстың күн тәртібін қарауға кіріспес бұрын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы орайда Мәжіліс Спикері өз сөзінде:

- Әрине, Парламент сайлауы ол біздің еліміз үшін де, біздің халқымыз үшін де өте маңызды саяси қадам. Себебі парламенттік сайлау еліміздегі барлық саяси партиялардың, өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз, - деді.

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Парламенттің келесі шақырылымы жұмысын бастағанға дейін қазіргі депутаттық корпус елімізді одан әрі дамыту және ілгерілету үшін заңнамалық базаны қалыптастыруды жалғастыра беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды