Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына бюджеттен 15 млрд теңге шығындалады

bestnews.kz
Ол шығынның дені жалақыға жұмсалады деп жоспарланған.

Парламент Мәжілісі мен мәслихатар сайлауына Қазақстан бюджетінен 15 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Үкіметке ұсынылған 2020 жылға арналған шығындардың сметасы шамамен 10,8 млрд теңге. Ол шығынның дені жалақыға жұмсалады деп жоспарланған, 70 681 мүше мен 10 061 сайлау комиссияларына 7,3 млрд теңге немесе шығынның 68% жұмсалады, - деді ОСК хатшысы Сабина Мұстафина.

Сметадағы 3,5 млрд теңге сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық шығындарына жоспарланған. Бұл бюллетень дайындау, полиграфиялық және өзге де өнімдер, сайлау үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ақпараттық қолдау және сайлау комиссияларына қажетті материалдық-техникалық жағдай жасау шығындары.

- Пандемия жағдайында бұл жолғы науқан карантиндік шаралардың сақталуымен өткізіледі. Сол себепті жеке қорғаныс құралдары үшін 341,4 млн теңге жұмсау көзделіп отыр, - деп қосты.

Сайлау шығындары 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасында 4,5 млрд теңге сомасында көзделіп қойған. Бұл ақша түгелдей сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысын төлеуге жұмсалады.

- Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлау науқанына шамамен 15,3 млрд теңге шығын жұмсалады, - деді Сабина Мұстафина.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды