Нұр-Сұлтанның екі көшесінде қозғалыс жабылады

Нұр-Сұлтан әкімдігі
Көлік құралдарының қозғалысы уақытша схема бойынша ұйымдастырылады.

Ж. Тәшенов көшесі мен А. Бараев көшесі қиылысындағы қозғалыс 22 қарашаға дейін тоқтатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ж. Тәшенов көшесінде нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 22 қазаннан 22 қарашаға дейін А. Бараев көшесінің қиылысы мен Ж.Тәшенов шолақ көшесіндегі қозғалыс жабылатын болады. Көлік құралдарының қозғалысы уақытша схема бойынша ұйымдастырылады.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін көлік жүргізушілеріне өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне барынша мұқият болу және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтай отырып, уақытша схема бойынша белгіленген жол белгілерін басшылыққа алу қажет", – делінген таратылған хабарламада.

Осы учаскедегі жылдамдық 40 км/сағ дейін шектелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды