Қазақстандағы сайлауда онлайн дауыс беру болмайды

24.kz
Бұл сайлау да бұрынғы сайлаулар сияқты үйренген әдісімізбен өтеді.

Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау дәстүрлі қағаз форматында – б ллетеньдер арқылы өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бар ерекшелігі, біз сайлауды пандемия жағдайында өткіземіз. Біз жазда Сенатқа сайлауды пандемия жағдайында өткіздік, бірақ ол жанама сайлау еді, сондықтан оны өткізу оңайырақ болды. Covid-ті ескерсек, мен бұл мәселенің қайдан шыққанын білмеймін, бірақ сайлау процесі "Сайлау туралы" заңмен реттеледі. Бізде онлайн дауыс беру қарастырылған емес. Поштамызға да көпкүндік дауыс беруге қатысты сұрақтар келіп жатады, бірақ біздің заңымызда ондай нәрселер жоқ, - деді Имашев.

Оның айтуынша, бұл сайлау әдеттегі жүйе бойынша, қағаз бюллетеньдерін пайдалану арқылы өтеді.

Яғни, бұл сайлау да бұрынғы сайлаулар сияқты үйренген әдісімізбен өтеді, - деп сөзін түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды