Шортаңды ауылындағы көпірде қозғалыс ашылды

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Биыл 14-қазанда "Нұр-Сұлтан-Шортаңды" ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы жол айырығында қозғалыс уақытша шектелген болатын.

Бүгінге дейін эксплуатациялық компания эстакаданы қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті жөндеу жұмыстарын аяқтаған. Жолшылар топсалы-анкерлі бекіткіштерді орнатып, деформациялық жіктерді жөндеуден өткізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, биыл 14-қазанда "Нұр-Сұлтан-Шортаңды" ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жол айырығы (Шортаңды ауылы) бойынша көлік құралдарының барлық түріне қозғалыс уақытша шектелген болатын.

Көпірдегі аралық салмақтарының теңгерімсіздігі нәтижесінде деформациялық жік тіреуіштерден ажырап қалған. Бұдан аралық құрылымның консоль бөлігі жоғарыға көтеріліп, ақау пайда болған.

Айта кету керек, аталған өтпежол 12 жылдан астам уақыт бойы эксплуатациялануда. Оның ұзындығы 70 метрді құрайды. Қазір "Нұр-Сұлтан-Шортаңды" ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жол айырығы(Шортаңды ауылы) бойынша көлік құралдары үшін қауіпсіз әрі үздіксіз жүріс қамтамасыз етілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды