АТФ Банкті Jýsan Банк сатып алайын деп отыр

Kursiv.kz
Алдын ала келісу талаптары қосу мен біріктірудің классикалық моделіне (M&A) сәйкес келеді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Jýsan Банктің АТФ Банктің 99,76% акцияларын сатып алуы туралы түсіндірме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Агенттік банктер арасында қол жеткізілген келісімді қолдайды және банктердің бизнес-модельдерінің бірігуі банк секторының тұрақтылығына және екі банктің қаржылық және технологиялық басымдықтарын пайдалану есебінен халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететін болады деп есептейді.

Jýsan Bank және АТФ Банктің ағымдағы қызметі, сондай-ақ банктердің клиенттері үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылады.

Келісімді іске асыру үшін банктер депозиторлардың, кредиторлардың және банктердің өзге де клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын ескере отырып, ірі акционерлерді ауыстыруға Агенттіктің келісімін алуға тиіс.

Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп ағымдағы жылы екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасына тәуелсіз бағалауды (AQR) және 14 банкке толық ауқымды қадағалау стресс-тестілеуді өткізді.

AQR және қадағалап стресс-тестілеу қорытындысы бойынша барлық банктерге үздік халықаралық практикаға сәйкес бизнес-модельдерді жетілдіру, анықталған кемшіліктерді жою және стрестік активтермен жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Екі банкті біріктіру туралы шешім AQR нәтижесі бойынша Агенттік жүргізген жұмыстың нәтижесі болып табылады және банк секторының қаржылық орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Қосудың және біріктірудің талаптары мен жалпыға белгілі практикасына сәйкес қол жеткізілген келісімнің нәтижесі бойынша инвестор біріктірудің соңғы өлшемдерін анықтау үшін кешенді тексеру (due diligence) жүргізеді.

Алдын ала келісу талаптары қосу мен біріктірудің классикалық моделіне (M&A) сәйкес келеді, оған сәйкес тәуекелдер АТФ Банктің ағымдағы меншікті капиталы есебінен өтелетін болады.

Тұтастай алғанда, банктерді біріктірудің бұл моделі АТФ Банктің қажетті қосымша провизиялар құру жөніндегі ағымдағы міндеттемелерін реттеуді, оны кейіннен Jýsan Банктің сатып алуын және реттеушінің талаптарына сәйкес тәуекелдерді өтеу үшін капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастыруды көздейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды