Венада зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

Kursiv.kz
Бір қарулы қаскөйді залалсыздандырған, кем дегенде тағы бір адамды іздестіруде.

Австриядағы елшіліктің алдын-ала ұсынған ақпараты бойынша, Венада қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

2 қарашада Австрия астанасы Венада белгісіз қаскөйлер бірнеше жерге қарулы шабуыл жасады. Соның ішінде мінажат орны - Синагога да бар.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бір қарулы каскөй залалсыздандырылған және кем дегенде тағы бір адам іздестірілуде.

Вена мэрі кем дегенде 15 адам жарақат алды, олардың барлығы ауруханаларға орналыстырылды, жетеуі ауыр жарақат алған, деп мәлімдеді. Сондай-ақ қала басшысы екі адамның қаза тапқанын айтты, ал Ішкі істер министрлігі "бірнеше адам" деп қаза тапқандар санына қатысты нақты мәлімет бермей отыр.

Австрия канцлері Себастьян Курц бұл оқиғаның теракт екенін айтты. Австрияның ішкі істер министрі Венадағы шабуылды кем дегенде бір исламшыл террорист жасады деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды