Ұшатын автокөлік шықты

kolesa.kz
Қанатты AirCar әуеге көтерілді. Машинаны ұшу тәжірибесі бар адам басқара алады.

Словакиялық шеберлер жасаған жалпақ AirCar аэродинамикалық тіреуі аса дамыған суперкар сияқты көрінеді. Автокөлікті ұшаққа айналдыру үшін тиісті батырманы басса болды, қалғанын автоматика жасайды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктің бүктелген қанаттары жазылып, артқы бөлігі мен рөлі ұзарады. Бұл процесс үш минут уақыт алады.

Көлік 140 ат күшіне ие 1.8 литрлік BMW арқылы қозғалады. Екі адам сыятын модельдің салмағы 1100 кг. AirCar мың шақырымға ұша алады, 200 км жылдамдықпен қалықтаса, сағатына 18 литр отын жұмсайды.

Аэромобиль өткен аптада Словакиядағы Пьештян әуежайында екі рет ұшып, төңіректі еш кедергісіз айналып шықты. Өнім авторы Стефан Кляйн көлікті басқару қиын емес екенін және жүргізушіні ұшқышқа қайта квалификациялау процесі көп уақыт қажет етпейтінін айтты. Қанатты көліктің сатылатын нұсқасы бір-екі жылда жарық көреді деп жоспарланып отыр, оған анағұрлым қуатты мотор орнатылады. Ал бағасына қатысты мәлімет жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды