Трамп тыпырлай бастады: дауыс санауды тоқтатуға шақырды

Helsingin Sanomat
Трамп сәрсенбіге қараған түні өзінің сайлауда жеңгенін жария етіп, демократтар "дауыс ұрлайын деп жатыр" деген айып тақты.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter-інде Америкада өткен сайлауда берілген дауыстарды санауды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Санауды тоқтатыңдар", - деп сүйкеп жіберді ол Twitter-де.

АҚШ-та дауыс беру 3-ші қарашада өтті, алайда Америка халқының бұрын-соңды болмаған бөлігі бұл жолы пошта арқылы дауыс берді. Сол себепті көптеген штаттарда дауыс санау әлі жалғасып жатыр.

Ал Трамп болса, сайлау учаскелері жабылғаннан кейін пошта арқылы келген бюллетеньдерді санауға болмайды, деп шырылдай жөнелді.

Трамп сәрсенбіге қараған түні өзінің сайлауда жеңгенін жария етіп, демократтар "дауыс ұрлайын деп жатыр" деген айып тақты.

Бірқатар штаттарда, мысалы Мичиган мен Висконсинде қазіргі президент басында жеңіп келе жатқан, бірақ сосын оның қарсыласы Джо Байден озып кетті.

Трамп бұл жағдайды "біртүрлі" деп бағалап, дауласуға кірісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды