15 қарашадан бастап Алматының карантинге жабылуы туралы ақпаратқа түсінік берілді

Zakon.kz/Максим Золотухин
Егер біз бәріміз қажетті санитарлық талаптарды сақтасақ, онда екінші толқынды болдырмай, вирусты жеңеміз - Байтанаев.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 15 қарашадан бастап Алматыда блок-бекеттердің орнатылуы туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматылықтардың арасында және әлеуметтік желілерде Алматыда 15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады деген ақпарат тарай бастады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, бүгінде Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты, қаланы жабу немесе блок-бекеттер орнату жоспарланбаған.

"15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады" деген ақпарат жалған. Дегенмен қазақстандықтарды санитарлық ережелерді сақтауға, маска киюге және жиі қолдарын жууға, антисептик қолдануға шақырамын. Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Барлығы әр азаматтың қолында. Егер біз бәріміз қажетті санитарлық талаптарды сақтасақ, онда екінші толқынды болдырмай, вирусты жеңеміз", - деді Байтанаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды