Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны ашылады

Pixabay
19 қарашадан бастап Шымбұлақ, 16 қарашадан бастап Медеу мұз айдыны сынақ режимінде ашылады.

Карантинге жабылған Шымбұлақ пен Медеу уақытша режимде ашылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сынақ режимінде жұмыс істеуіне рұқсат етілген туризм нысандары - 2020 жылдың 19 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығы және 2020 жылдың 16 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты. Медеу мұз айдынына жіберілетін адам саны 500-ден аспауы тиіс. Шымбұлаққа келушілер бұрынғы қабылданатын туристер санының 30% -ынан аспауы керек, - делінген Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жанарбек Бекшиннің қаулысында.

Сондай-ақ "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты мен "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығының тамақтану объектілеріне рұқсат, онда да ашық аспан астында 50 орыннан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метрді қамтуы керек. Бастысы ол арада ұжымдық іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады, делінген қаулы талаптарында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды