Қазақстан Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ
Қазақстан Әзербайжан мен Армения елдері басшыларының барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалайды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Армения мен Әзербайжанның бейбіт ымыраға келуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Әзербайжан Республикасы Президентінің, Армения Республикасы Премьер-министрінің және Ресей Федерациясы Президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз.

Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.

Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз.

Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 10 қарашада Армения, Әзербайжан және Ресей басшылары Таулы Қарабахтағы ұрыс қимылдары тоқтағанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды