Ресей COVID-19-ға қарсы вакцинасын Қазақстанда өндіруі мүмкін

finam.ru
Екі мемлекет арадағы коронавирус пандемиясымен күрес ынтымақтастығын белсенді деңгейге көтереді.

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны Қазақстан территориясында жасап, шығармақ, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы президенттер арасындағы телефон арқылы сөйлесу кезінде айтылды, деп хабарлайды Кремль сайты.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 11 қарашада Sputnik V коронавирус вакцинасының Ресейде жаппай өндірісі басталып жатқанын хабарлады. Министрлік вакцинаның азаматтық айналымға шығарылып үлгерді, ол елдің басқа аймақтарына тасымалдана бастады деп мәлімдеді.

Айта кетсек, кеше - 11 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Президенттер екі елдің халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастығы туралы пікір алмасты. Таулы Қарабақтағы қалыптасқан жағдайға ерекше назар аударылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды