Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылды

liter.kz
Төлем мерзімін келесі жылдың 1 сәуіріне дейін ұзарту ұсынылды.

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегеріледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазір салық төленуі тиіс жылдың соңына дейін төленеді. Енді төлем мерзімін келесі жылдың 1 сәуіріне дейін ұзарту ұсынылды, - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Сондай-ақ жеке тұлғалардың мүліктері мен жерлеріне салынатын салықтарды бір салыққа біріктіру жоспарланып отыр. Яғни екі салық бірыңғай төлем ретінде төленеді. Бұл түбіртектерді толтыру мен банк жарналарын төлеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Депутаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын және "Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдар жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды