Сабақ басталғалы бері 800-ден аса оқушыдан КВИ анықталған

Ашық дерекөздерден алынды
Оның 261-і - кезекші сынып оқушылары.

Вице-министр, ҚР бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов брифингте мектеп оқушылары арасындағы коронавирус жағдайлары туралы есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының 825 жағдайы тіркелді, оның 261-і - кезекші сынып оқушылары, 564-і - үйде оқитын балалар.

Соңғы аптада кезекші сыныпта оқитын оқушылар арасында коронавирустың 62 жағдайы тіркелді. 9 облыс бойынша факті тіркелді. Ең көбісі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 32 жағдай, Павлодар облысында - 12, БҚО-да - 5 жағдай. Басқа аймақтарда - санаулы жағдайлар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды