Шындық - ащы. Тікелей эфирде өз ойын лақ еткізген спортшы қыз жарыстан шеттетілді

видеодан алынды
"Жетісу" клубының ойыншысы "Алтай" құрамасына қарсы өткен ойынның үзілісінде тікелей эфирде іштегі кіжілін сыртқа шығарған болатын.

"Қазақстанда бәрі сатылады" деп тікелей эфирде жар салған волейболшы Алеся Сафронова осы бір ауыз сөзі үшін чемпионат аяғына дейін жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Волейбол федерациясы Сафронованың бұл сөзі үшін басынан сипамады. Төрешілер алқасы әйелдер арасында волейболдан өтіп жатқан 29-шы чемпионаттың аяғына дейін Сафронованы жарыстан шеттету туралы шешім қабылдады. Бірақ, санкция мұнымен шектелмеуі мүмкін. Федерация жарыс аяқталғасын, спортшының мәселесі спорттық комиссияның күн тәртібінде көтерілетінін жеткізді. Ал, Сафронованың өзі тікелей эфирде айтқан түйдек сөзін ашумен айттым деп түсіндірді.

Ермек Сырлыбаев, ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы:

- Алдымен, ол Федерацияда бірнәрсе сатылатынын дәлелдесін. Оның дәлелі бар ма? Бұл негізі сотта қаралатын жағдай. Бізде ең әділ төрешілер. Біздің арбитрлардың әлемде рейтингі жоғары. Қандай жағдай болмасын адам өзін қадағалап, айтқан сөзіне жауап беруі керек!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды