Биліктен "таяқ жеген" Саиров бәрібір Нұр-Отанды жағалап жүр

facebook.com
Ерланды "ботоферма басқарып отыр" деп те кінәлайды.

"Нұр Отан" ұсынған кандидаттарды асықпай қарап шықтым, дейді Тоқтар Жақаш.

Ұнайтындары да, ұнамайтындары да жетеді екен. "Ұнайды-ұнамайды" дегенде елге шынымен қызмет ететіндер мен жеке басын ғана күйттейтіндер туралы айтам. Соның ішінде бір адамға тоқталғым келеді. Осы Фейсбукта болмаса, өмірде көрмеген адамым.

Ерлан Саиров.

Нағыз лайық кандидат деп есептеймін. Әлеуметтік желідегі жазбалары салмақты, принциптері мен мақсаты айқын адам. Сырттай білуімізше, кезінде Ерлан да бюрократиялық машина мен оспадар биліктің ұр да жық күштерінен қатты зардап шеккен. Жала жабылып, соңы сотты да болған. Былтыр болуы керек, ақталып шыққанын да естідік. Өмірде биліктен де, басқадан да таяқ жеген, әділеттіктің оңай жолмен келмейтінін өз "шкурасымен" сезінген адам. Мұндай жандар өзгенің қайғысын өзінікіндей көріп, сол үшін күресуі тиіс.

Жалпақ жұртқа бірдей жаға бермейсің ғой. Кейбіреулері Ерланды "ботоферма басқарып отыр" деп те кінәлайды. Меніңше, ол керемет нәрсеге негізделмеген, солқылдақ кінә. Егер, қоғамның пікірін ұлт боп ұйысуға, мемлекет болып қатаюға, жақсы жаққа бұруға арналған ботоферма болса - басқара берсін! Ондай ботофермадан пайда болмаса, зиян бола қоймасы анық.
Ерлан Саиров туралы менің азды-көпті пікірім осындай, дейді пост авторы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды