Қазақ тілі жанашырын тұқыртпақ болған Павлодар әкімдігі аппаратының басшысы жұмыстан қуылды

vlast.kz
Қоғам белсендісі оның қабылдауында болған.

Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаров қызметінен босатылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Брифинг барысында Павлодардағы қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі өз өңірінде қазақтілді мектептердің аздығын айтып, мәселе көтеріп жүрген жандардың бірі екендігі айтылды. Осы мәселемен ол әкімдікке келіп, бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұраған. Журналист сол кезде өзі қабылдауына барған Павлодар әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаровтың жүйке-психиатриялық диспансерінен дәрігерлер тобын шақыртқанын айтады.

- Мемлекеттік тіл мәселесі - өте маңызды. Біз бұл жайтты әкімдіктің жеке отырысы аясында бөлек талқыладық. Жыл соңына дейін оны одан әрі талқылаймыз. Иә, шынымен де, Руза Бейсенбайтегі жақында бізге өтінішпен келді. Біз оған бейбіт митинг өткізуге рұқсат бердік. Митинг заңды түрде өтті. Біз айтылған ұсыныстарды қабыл алдық. Сын ескерілді, сындарлы ұсыныстар бар. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда, - деп жауап берді Сқақов.

Ал Оңғаровтың әрекетіне қатысты облыс әкімі оның жұмыстан босатылғанын айтты.

- Қала әкімдігі аппаратының басшысы Оңғаров мырза қызметінен босатылды, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды