Алматы облысының жастар саясаты басқармасына жаңа басшы келді

Алматы облысының әкімдігі
Сапаров Елдар Қайсарұлы 1991 жылы туған.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Елдар Қайсарұлы Сапаров Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сапаров Елдар Қайсарұлы 1991 жылы туған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономика бакалавры бойынша бітірген, 2015 жылы экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған, 2019 жылы PhD докторантасын аяқтады. Түркия мен Польша жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Еңбек жолын І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да жастар саясаты және тәрбие жұмысы бөлімінің маманы болып бастаған. Әр жылдарда ЖМУ-да жастар саясаты және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы, "Алматы облысының жастар саясаты жөніндегі орталығы" КММ "Талдықорған қаласының жастары" филиалының жетекшісі, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректорының көмекшісі, проректордың тәрбие жөніндегі орынбасары, кафедра оқытушысы, "Алматы облысының Азаматтық альянсы" ЗТБ-ның атқарушы директоры, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының "Талдау және болжау орталығы" КММ басшысы болды.

2020 жылдың қазан айынан – Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды