Елімізде коронавирус пен пневмония бойынша кісі өлімі фактісі артып барады

Shutterstoc
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 232 дерегі тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігі 2 желтоқсандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 232 дерегі, бір кісі өлімі тіркелді, одан емделген 119 адам ауруынан жазылды.

1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония бойынша: 42 447 жағдай, кісі өлімі - 444, емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 30 681.

Бір тәулік ішінде 8 адам коронавирустан, бір адам КВИ белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Жалпы, пандемия басталғалы бері коронавирустан 2 049 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды