Мониторингтік топ кәсіпкерлерден ақша бопсалап жүр. Депутат оның ставкасын да атады

Ашық дерекөздерден алынды
Карантинді бұзғаны үшін 2-3 миллиондық айыппұл төлегенше, кәсіпкерлер тексерушілер сұратқан аптасына бір рет 50 мың теңгені қалтасына сүңгіте салғанды қош көреді екен.

Карантин талабының сақталуын қадағалайтын мониторинг тобы бизнесмендерден ақша бопсалаған. Көзжұмбайлықтың бір апталық құны – 50 мың теңге. Осылай деп мәлімдеген мәжілісмен Азат Перуашев жемқорлықпен күрес агенттігіне мониторингтік бақылау топтарының ізіне түсіп, тексеруді талап етті, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

- Өңірлердегі кәсіпкерлердің хабарлауынша, шенеуніктердің туыс-туғандарына тиесілі мейрамхана мен клубтарды тексергенде топтары айналып өтеді. Таныстық, туыстықтың арқасында карантин шектеуіне қарамастан жұмыс істеп жатқандар жетерлік.

Депутаттың айтуынша, өңірлердегі шектеу шараларының сақталуын тексеретін мониторинг топтарының жетекшілері кәсіпкерлерді миллиондаған айыппұлдармен үркітіп, ақша бопсалауды кәдімгі кәсіпке айналдырып жіберген. Карантинді бұзғаны үшін 2-3 миллиондық айыппұл төлегенше, кәсіпкерлер тексерушілер сұратқан аптасына бір рет 50 мың теңгені қалтасына сүңгіте салғанды қош көреді екен. Осылайша сыбайластыққа әбден дәніккендер, Перуашевтың есебінше, айына 100 миллион теңгені қалтаға басып отыр. Сондықтан мәжілісмен айыппұлдың көлемін 50 пайызға қысқартуды талап етті. Оған қоса, кезекті локдаун енгізілсе, бизнестің жұмысына рұқсат беру керек дейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды