Ақтауда бокс орталығы ашылады

Маңғыстау облысының ҚКО
Жаңа нысан Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Ақтауда жыл сайын зәулім ғимараттар мен сан түрлі нысандар бой көтеруде. Қаланың көркі мен сәулетін аша түсетін тағы бір кешен – бокс орталығы болмақ, деп хабарлайды zakon.kz Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің маманы Еркін Жауқанның айтқанына сілтеме жасап.

Жаңа нысан Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

17-ші шағынауданда орналасқан нысанның сыйымдылығы 20 мың шаршы метр. Мұнда 6 спорт түрі бойынша жаттығу жасауға мүмкіндік болады. Олар: қазақ күресі, бокс, грек-рим күресі, каратэ, таеквондо және ауыр атлетика.

"Спорт кешенінің жанында 99 адамға арналған қонақ үй бар. Алыс-жақыннан келген спортшылар мұнда емін-еркін демалып, жарысқа қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, сыртында жүзу бассейні, баскетбол, волейбол, футбол стадиондары орналасқан" , - деді Еркін Жауқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды