Головкин-Канелоның үшінші кездесуіне қатысты болжам жарияланды

sports.kz
Биыл Головкин сәуір айында 39-ға толады, ол өзінің бағындырар шыңын еңсеріп кетті деп айтсақ та болады...

Сауль Альварес ағылшын боксшысы Каллум Смитті, ал Геннадий Головкин польшалық боксшы Шереметаны ойсырата ұтқан айқасты екі бөлек кездесуден соң журналистерге берген сұқбатында екеуі де бір-бірімен шаршы алаңда жүздесуге ниетті екендіктерін білдірді. Осы ақпарат шыға салысымен спорт саласы мамандары бұл кездесудің болашағы жайлы тон пішіп, өз болжамдарымен бөлісе бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәселен, Sports.ru сайтында "Панчер" блогы авторының мақаласы жарияланды.

"... 2017-2018 жылдардан бері талай дүние өтті-кетті. Ал биыл Головкин сәуір айында 39-ға толады, ол өзінің бағындырар шыңын еңсеріп кетті деп айтсақ та болады, ал Деревянченкоға, тіпті Шереметаға қарсы жекпе-жек Геннадийдің күш-қуатының қайта бастағанын көрсетеді. Ал Канелоның жайы бөлек, ол керісінше, әр жекпе-жек сайын қайралып, шындала түсуде, ол өз биігін әлі бағындырған жоқ. Мұның бәрі GGG үшін үшінші кездесудің өкінішпен аяқталатындығын көрсетеді. Мұндай Альварес тұрғанда Геннадийде мүмкіндік жоқ. Тек Геннадийде ғана емес", делінген жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды