Шымкентте кілем тегін таратылып, карантин жайына қалды

Otyrar.kz
Оқиға орнына полиция келді.

Шымкентте кілем тегін таратылып, қарақұрым жұрт бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды zakon.kz.

Otyrar.kz-нің хабарлауынша, Шымкенттегі дүкендердің бірі жақында кілем тегін таратып, акциясы өткізетінін жариялаған. Барлығы 500 кілемді тегін тарату жоспарланған екен.

Мұны ести сала, жұрт таң алакеуімде дүкенге қарай бас қояды. Бірақ оның барлығына тегін кілем жетпеген.

- Біз сонша адам болатынын білмедік. Мұндай болады деп күткен жоқпыз. Иә, кілем таратамыз деп жоспарладық, бірақ ол санитарлық нормаларды бұзуға әкеліп соғады деп ойламадық, - дейді дүкен өкілі.

Олардың акцияны едел-жедел аяқтауына тура келді.

Дүкенге полиция қызметкерлері келді. Адам көп болғандықтан, кілем дүкені ғана емес, жақын дүкендер де жабылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды