Баренцево теңізінде ресейлік кеме суға батып, 17 адам жоғалып кетті

tv21.ru
Ауа райына байланысты іздеуге ұшақтар жіберілмеді.

Баренцево теңізінде балық аулайтын "Онега" кемеси суға батып кетті. Бортта 19 адам болған. Екі балықшы құтқарылды, қалғандарын іздеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Баранцево теңізіне балық аулауға шыққан "Онега" кемесінің батып кеткені дүйсенбі күні таңертең белгілі болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, кеменің сыртын мұз қатып, тоңып қалғандықтан батып кетті.

Іздеу-құтқару жұмысына "Войково" кемесі тартылды. Оқиға болған жерге тағы үш кеме жеткен. Ауа райына байланысты іздеуге ұшақтар жіберілмеді.

Ресейдің тергеу комитеті су және теңіз көлігін пайдалану ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды