Ескелді ауданында полицейлер қайтыс болған әріптестерінің балаларына сыйлық берді

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Бұл бір реттік шара емес.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ескелді ауданы Полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы тәттілер мен естелік сыйлықтар алып, қызметкерлердің балаларын құттықтады. Полиция басшылығы, Аяз ата мен Ақшақар бастаған топ мерекелік құттықтауларды қайтыс болған әріптестерінің үйлерінен бастады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақта "Өлі разы болмай, тірі байымайды" деген нақыл бар. Біз бүлдіршіндерді құттықтау рәсімін өзіміздің әріптесіміз болған, қазір арамызда жоқ қызметкерлердің отбасыларынан бастауды жөн көрдік. Олардың балаларына тәттілер, ал жұбайына гүл дестесін табыстадық. Әке жолын жалғайтын өжет ұлдардың ер жетіп келе жатқанына қуандық. Жаңа жыл құтты болсын", - деді Ескелді ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Нұрлан Солтубеков.

Аяз ата мен немересін ерткен полицейлер бүгін 2017 жылы қайтыс болған табиғат қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Ермолдин Саят пен биыл өмірден өткен әріптестері балалар ісі жөніндегі инспектор капитан Рахметов Қуаныштың көпбалалы отбасына барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

"Бұл бір реттік шара емес. Біз арамыздан кеткен әріптестеріміздің отбасыларына қолдан келгенше қолдау көрсетуге тырысамыз. Бүгінгі балалардың жүзіндегі қуаныш пен күлкі барлық қиыншылықты ұмыттырып жібергендей болды" ,- деп толықтырды майор Нұрлан Солтубеков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды