Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшыларын тергеуге кедергі жасалды

elements.envato.com
Біреулер қылмыстық процестің қатысушылары болмаса да, тергеу барысы туралы жалған ақпарат таратқан.

Қаржы мониторингі комитеті ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі) лауазымды және басқа тұлғаларына қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 407-бабы 3-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тұлғалар қылмыстық процестің қатысушылары болып табылмай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинақтау, беру және жариялау арқылы тергеуге кедергі келтірген.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат (сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол бермеу) жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды