Тоқаев: Қазақстанда ауқымды жұмыстар атқарылады

Ақорда
Алдағы уақытта елімізде саяси жаңғырту және экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру жалғастырылатын болады.

Президент Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Жоғарғы Палатаның биылғы заң шығару қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Сенат Спикері Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған мәселелерді іске асыруды қамтасыз етуге бағытталған заңдардың қабылданғанына тоқталды. Атап айтқанда, жаңа "Экологиялық кодекс", "Техникалық реттеу туралы туралы" заң, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған. Мәулен Әшімбаев аталған құжаттардың барлығы еліміздің әлеумет-экономикалық дамуын, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде саяси жаңғырту және экономикалық даму бағдарламаларының жалғасатынын, басқа салалар бойынша да ауқымды жұмыстардың атқарылатынын айтып, Сенатқа аталған бағыттарды заңмен қамтамасыз етуді тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды