"Қара бүркіт" колониясына жаңа басшы тағайындалды

Қостанай облысы ҚАЖ
Бұл лауазымды қызметке әділет подполковнигі Нұрбек Қабдікәрімов келді.

"Қара бүркіт" деп аталатын ерекше қауіпті қылмыскерлерге арналған колонияға Нұрбек Қабдікәрімов басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ-дың баспасөз қызметі Нұрбек Қабдікәрімовтің әділет подполковнигі екенін хабарлады.

Ол 1982 жылы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Ол құқық қорғау органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы қызметі - Қостанай қаласының "УК-161/1" РМУ басшысының орынбасары.

ҚАЖ жаңа басшының тағайындалуы оң өзгерістер әкеледі деп күтеді.

Осы жылдың тамыз айының соңында "Қара Бүркіт" колониясының бастығы Арман Әбілевтің қамауға алынғаны белгілі болды. Ол "сотталғандарды қанатының астына алып, жалпы қамқорлық танытқаны" үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

"Қара Бүркіт" - Қостанай облысы ҚАЖ төтенше қауіпсіздік мекемесі. Мұнда, аса қауіпті қылмыскерлер жазаларын өтеп жатыр.

2012 жылы 14 әріптесі мен егерді өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Владислав Челах осы колонияда жазасын өтеп жатыр. Одан бөлек, 10 адамның өліміне, сондай-ақ 3 азаматты өлтіруге оқталған террористік акт жасағаны үшін 68 жылға, кейін өмір бойына бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына кесілген Руслан Күлекбаев та осында отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды