2021 жылға арналған салық есептілігі нысандары бекітілді

Сурет: zakon.kz
"Қабылданған", "Таратылған" мәртебелері болған кезде қабылданған болып саналады.

Салық заңнамасының өзгеруіне байланысты, ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 1214 бұйрығымен, 2021 жылдан бастап қолданысқа енетін салық есептілігі нысандары және оларды толтыру ережелері бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның ішінде 100.00, 180.00, 200.00, 220.00, 240.00, 300.00, 701.01, 710.00, 871.00, 910.00, 911.00, 912.00, 920.00 нысандағы салық есептіліктері бар.

Салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салық есептілігінің жаңа нұсқасы бағдарламаларда жарияланғанға дейін, салық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, "СТ СЕӨЖ" ақпараттық жүйесінде және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында 2021 жылға қол жетімді нысандары әрекет етеді.

Бұл нысандар "Қабылданған", "Таратылған" мәртебелері болған кезде қабылданған болып саналады. Аталған салық есептілігін жаңа нұсқада қайта ұсыну талап етілмейді.

Салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау туралы ақпарат "Салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасында, "СТ СЕӨЖ" ақпараттық жүйесіндегі жаңалықтар бөлімінде, сондай-ақ www.kgd.gov.kz интернет-порталында орналастырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды