“Ақ жол” партиясының үгіт-насихат тобы өз сайлауышыларымен кездесті

Баспасөз қызметі
Кездесу бұл жолы Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Партия атынан парламент мәжілісі депутаттағына үміткерлер азаматтармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақжолдықтардың айтуынша, әлеуметтік әділеттілік және ел азаматтарының қадір-қасиетіне деген көзғарасы білім беру мен медицина сапасымен, тұрғын үй, лайықты жұмыстың қолжетімділігімен айқындалады. Осы салалардың әрқайсысы қаржыландырудың жетіспеушілігі мен жемқор шенеуніктердің ұрлығынан зардап шегуде.

Қазақстан сияқты бай елде ел заңдары, үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдар ата-аналар балаларын емдеу үшін ақша жинап, ал аналары түнде жұмыс істеуге және балаларын қараусыз қалдыруға мәжбүр ететін жағдайларға жол берілмеуі тиіс. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін партия белсенділері елде бірнеше шара қолға алынуы керек деген сенімде.

Оларға мысал: ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін 7-8% - дан аспайтын болуы керек.

Адамдар мен олардың балаларын коллекторлардан қорғау үшін – "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң қабылдануы керек. Кедейлікке ұшыраған қарыз алушылардың жалғыз баспанасы мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы қамтамасыз етілу тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды