Алматы облысы бойынша полицияның кезекті рейді басталды 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі өтуде.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы облысы бойынша 5 қаңтардан бастап "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын алу жұмыстарын жүргізуге 2 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де тартылды. Айта кету керек, бұл іс-шараның үшінші кезеңі, алғашқы екі кезеңі өткен жылдың желтоқсан айында өткізілген болатын", - дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бағдат Әшімов.

Барлық жерде күндізгі және түнгі уақытта жаяу патрульдеу маршруттары әзірленді.

"Жедел алдын алу іс-шарасы міндеттерінің бірі-есепке алынған адамдарды тексеру, пәтерлерді заңсыз жалға беретін адамдарды анықтау, қару иелерін тексеру және т. б. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының назары өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге аударылатын болады", - деп толықтырды полковник Бағдат Әшімов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды